35
Пайғамбарымыздың таңғы дұғалары
Расында, мен Өзіңнен басқа тәңір жоқ
екеніне, жалғыз екендігіңе және ешбір серігің
жоқ екеніне куәлік етемін. Бар билік бір Өзіңнің
қолыңда. Бар мақтау мен мадақ бір Өзіңе ғана
тиесілі және Сенің құдіретің барлық нәрсеге
толық жетеді.
Сондай-ақ, Мұхаммедтің құлың әрі елшің
екеніне куәлік етемін. Берген уәдеңнің хақ
екеніне, Өзіңмен қауышудың да хақ екеніне,
Қиямет күнінің еш шүбәсіз орнайтынына және
қабірдегілерді түгелдей қайта тірілтетіндігіңе
де куәлік етемін. Расында, мені нәпсіме табы-
стар болсаң, осалдық пен мұқтаждыққа тап бо-
лып, күнәға батып, қателікке ұрынарым сөзсіз.
Шын мәнінде, мен Өзіңніңшексіз мейіріміңе
ғана толық сенім артамын. Күнәларымды
түгелдей кешіре гөр! Расында, құлдарыңның
күнәларын бір Өзің ғана кешіре аласың.
Тәубемді қабыл ете гөр! Сен – тәубелерді қабыл
Етуші һәм ерекше Мейірімдісің!
Ерекшелігі:
Алдыңғы қатарлы сахабалардың бірі Зәйд
ибн Сәбит (р.а.) жеткізген хадис-шәріпте
Пайғамбарымыз
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)
оған осы дұғаларды үйретіп: «Күн сайын
таңертең осы дұғаларды оқып тұр», − де-