143
ПәтуәЛАР ЖИЫНТЫҒЫ
Мекендiк белгiсi Мекке халқына миқат
– Мәсжидi Харамның өзi. Оған шамасы келм-
месе “харам жерлердiң шеңберiнiң iшi”. Жан-
жақтан келетiндер үшiн миқат өз жолында кезд-
десетiн алғашқы “миқат”, егер оның миқаты
әлi алда болмаса. Мысалы Мароккодан келген
кiсi Мәдинеден шығатын болса оған Мәдине
жанындағы “Зул-Хулайфа” дейтiн жерде ихрам
кигенi абзал болады. Ол “Жихфа” дейтiн жерг-
ге келгенше ихрам кимесе де бола бередi. Зул-
Хулайфа Мәдине халқы үшiн миқат, Мысыр,
Шам, Марокко халқы үшiн миқат - “Жихфа”,
Йемен халқы үшiн миқат “Яламлам”. Ирақ,
Иран халықтары үшiн миқат – Зату-Ирқ дейт-
тiн жер. Нәжд, Бахрейн, Оман, халықтары және
сол жақтан келген басқа халықтар үшiн миқат
“Қарнул - Маназил” деген жер. Мезгiлдiк миқат
Шәууәл айы тууымен басталып, құрбан айттың
бiрiншi түнiмен аяқталады. Яғни екi ай он күн.
“Шарх сағир” кiтабы, 2-том, 17-бет.
Имам Әбу Ханифа мен Ахмад айтады:
“Қажылық уақыты Шәууәл айының басы
мен Зул-Хиджаның оныншы күнiнiң соңына
дейiн, яғни екi ай он күн”.
“Лубаб” кiтабы, 1-том, 202-бет.
Имам Шафиғийдiң айтуынша:
“Қажылық
уақыты екi ай он түн”.
“Мажмуғ” кiтабы 7-том, 145-146 беттер.