ПәтуәЛАР ЖИЫНТЫҒЫ
146
оның өзiнен өтпесе, тұрған жерi онан қашықтау
болса, соның тұсынан ихрам байлайды. Оған
да мүмкiндiгi болмаса, онан бұрынырақ, яғни
миқаттан өтпей ихрам байлайды. Ал егер
миқаттың арасынан өтсе, олардың қайсысына
жақындау жердi миқат ретiнде таңдап ихрам
алады.
Қажылықты орындау дұрыс болу
шарттары
Мына шарттар толмай қажылықты орындау
дұрыс емес:
1. Ихрам байлау: ихрамсыз қажылық парыз-
зы орындалмайды. Ихрам дегенiмiз тәлбия айт-
тумен қажылықты ниет ету. Тәлбия:
“Ләббәйк
Аллаһумма ләббәйк, ләббәйкә лә шарика ләкә
ләббәйк, иннал хамда уәнниъмәтә ләкә уәл-
мулк. Лә шарика ләкә”
.
Тәлбия айтып, ихрам киюмен бiрге инемен
тiгiлген киiмдер шешiледi. Ерлер ине тимеген
киiмдер киедi. Киiмдерi рида (дененiң көкiрек,
иiндерiн кiндiкке дейiн бүркейтiн киiм), изар
(iш киiм орнына байланатын орам).
2. Арнаулы уақыт: қажылық айлары тумай
қажылық ете алмайды. Басқа айларда қажылық
дұрыс болмайды. Қажылық айлары: Шәууәл,
Зул-Қағда, және Зул-Хиджаның он күнi. Бiреу