Previous Page  151 / 318 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 151 / 318 Next Page
Page Background

151

ПәтуәЛАР ЖИЫНТЫҒЫ

Хадисті Ат-Табарани риуаят еткен. Мәдинату-

л-Мунаууараға баруды ниет еткен адам,

Пайғамбарымызға (с.ғ.с.) салауатты көбірек айт-

туы керек. Мәдинату-л-Мунаууараға келгенде

шомылып, иіс май жағып, киімінің жақсысын

киіп Пайғамбарымыз Мұхаммедтің (с.ғ.с.)

қасиетті мешітіне сабыр мен тыныштық сақтап

кіреді. Бұдан кейін 2 ракағат намаз оқып, дұға

жасап, Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) қабірінің

жанына барып, әдептілік сақтап тұрады.

Пайғамбарымызға (с.ғ.с.)

«Әссәләму ъалайка иа

Расулаллаһ»

,- деп сәлем айтып салауат оқиды

және егер басқа адам сәлем айтуды аманат тапс-

сырса, оның сәлемін жеткзеді. Содан соң оңға

бұрылып Әбу Бакр Сыддыққа (р.а.)

«Әссәләму

ъалайка ия Әбу Бакр ас-Сыддиқ»

,- деп аз ғана

оңға жүреді де Омарға (р.а.)

«Әссәләму ъалайкд

ка ия Умару-л-Фаруқ»

,- деп сәлем береді. Содан

соң Пайғамбарымыздың мешітіне барып намаз

оқиды және туған-туыстары және аманат еткен

адамдары үшін қанша болса да дұға жасайды.

Мүмкіндігінше уақытына қарай мейлінше көп

зиярат етіп, тасбих, тәһлил, тәубе, истиғфарды

көп айту керек. Мәдинадағы «Жаннат әл-

Бақиъға» бару мұстахаб. (Пайғамбарымыздың

(с.ғ.с.) үй-іші, сахабалары және табиғиндердің

жатқан жері). Ибн Мажа өзінің еңбегінде