ПәтуәЛАР ЖИЫНТЫҒЫ
154
Пәтуа
Құрбандықтың үкімі туралы
Һижраның 2-жылында парыз болып, оның
шариғи үкімі аят, сүннет және ижмағ (ұжымдық
қаулы) арқылы негізделеді.
Аллаһ Тағала қасиетті Құран Кәрімде:
«Раббың үшін намаз оқып, құрбан шал»
- дег-
ген. (Кәусар-2 аят)
Анас ибн Малик (р.а.)-дан имам Муслим
риуаят еткен мына хадисте: «Пайғамбарымыз
(с.ғ.с.) мүйізі бар, әдемі екі қошқарды өз
қолымен құрбан етті. Бисмиллаһ деп тәкбір
айтты және оның үстіне аяғын қойып бауыздад-
ды»-деген. «Фикһ әл-Жазири» 1-кітап.
Құрбандықтың үкімі
Құрбан шалу әрбір саналы, мұсылман,
тұрғылықты, дәулетті кісіге міндет (уәжіп).
Құрбандық күні (яғни, онан бір сағат та, бір
күн де бұрын емес) өзінің және жас бала-
шағаларының атынан шалады. Оны Имам Әбу
Ханифа, Имам Зуфар, Имам Хасан және Имам
Әбу Юсуфтен жеткен бір риуаятта уәжіп деп
көрсетеді.
«Һидаяның шархы», 4 том, 50 бет. «Фтауай
Базазия», 5 кітап, 37 бетте осылай дейді.
Біздің пәтуа осыларға негізделеді, бірақ