159
ПәтуәЛАР ЖИЫНТЫҒЫ
Қотыр мал да семіз болса жарайды;
Жынданған мал жайылуға қабілетті болса;
Үш аяқтап жүріп, төртіншісімен тек тұяғын
жерге сүйейтін халі бар мал жарай береді;
Екі көзі немесе бір көзі соқыр мал
құрбандыққа жарамайды;
Құрбан шалатын жерге өздігінен жүріп жете
алмайтын мал жарамайды;
Арық мал жарамайды;
Құйрығы немесе құлағы кесілген мал жарам-
майды;
Құлағының не құйрығының көбі кетілген
мал жарамайды;
Егер құлағының үштен екісі сақталып, бір
бөлігі кеткен болса, ол жарайды.
Пайғамбарымыз (с.ғ.с.):
«Құрбандыққа
мына малдар жарамайды: анық көр, анық
байқалып тұрған ақсақ; арық мал»
және
«көз бен құлақты ерекше қадірлеңдер»
-дег-
ген.
Сол себептен құлақ пен құйрықтың
мол бөлігі болмай құрбандық та болмайды.
«Һидаяның шархы», 4 том, 53- бет.
Тістері сынған мал да жарамайды, көпшілік
тістері сақталған болса, ол құрбанға жарайд-
ды. Жаратылысында құлағы жоқ мал мен
желіндерінің ұшы кесілген малдар да жарамайд-
ды. «Фикһ әл-Жазири» 1-кітап, 717-бет.