ПәтуәЛАР ЖИЫНТЫҒЫ
158
жеті жанның атынан шалынады.
«Һидаяның шархы»-нда «Бір кісіге бір қой
немесе жеті адамға бір қара не бір түйе шалын-
нады»-делінген.
Жабир атты сахаба:
«Біз Пайғамбарымыз-
бен бірге бір қараны жеті кісі атынан,
түйені де жеті кісі атынан шалдық»-
деген.
«Һидаяның шархы» 4-том, 51-бет.
Бұл жағдайда әрбірі жетіден бір үлесін бөліп
алуы тиіс. Егер бірінің үлесі басқаларынан кем
болса, бәрінің де құрбандықтары дұрыс емес.
Жеті адам бірігіп құрбан шалуды ниет еткенде
ғана жоғарыдағы аталған ірі малдарды шалуға
болады. Егер біреу оның етіне серік болатын
болса, құрбандық дұрыс болмайды.
Қарамал мен қодастың екі жасқа толмағаны
құрбан етілмейді, ал түйенің бес жастан
асқандары ғана құрбан етуге жарайды. Бұл
пәтуалар «Шархы Базазия» кітабынан алынды,
6-том, 273-бет.
Құрбандықтың барлық нұқсандардан таза
болғаны артық болады. Мынадай малдар да шал-
лына береді:
Тоқал, мүйізсіз болып туылған мал;
Мүйізінің біразы кетіліп қалған болса,
(алайда сынық миға жеткен болса жарамайды).
Ақталанған мал абзалырақ;