155
ПәтуәЛАР ЖИЫНТЫҒЫ
оны істемеген дозақы деп айтылмайды. Алайд-
да Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) шапағатынан
мақұрым қалады. «Фикһ әл-Жазири»- 1кітап.
Құрбандық кімдерге уәжіп
Мына шарттарсыз құрбандық ешкімге
уәжіп болмайды:
1. Мұсылман болу;
2. Азат болу;
3. Тұрғын болу;
4. Дәулетті болу;
«Фатауай Алам-гирия» кітабы 5-том, 324-
бетте мұсылман болу шарт деген. Мұсылман
кісінің құрбан айт күні зекет берерлік мөлшерде
дулеті болса яғни, өзінің басты қажетінен артық
мал-мүлкі болса ол кісіге құрбан шалу уәжіп
болады.
Құрбандықтың уақыты
Зул-Хижжа айының оныншы күнінің таңы
атқаннан басталып, осы айдың 12-күні күн батп-
пай шалып үлгеру. Көшушілер, ауылдағылар
айтқа жетер жетпесі жерлер үшін үкім,
құрбандықтарын айт күні таң атқаннан шалса
бола береді, алайда хадистің талабы бойынша
малды айт намазынан кейін шалған сауаптырақ.
Ал қалалық жердің тұрғындары айт намазы