ПәтуәЛАР ЖИЫНТЫҒЫ
160
Құрбан етін кімдерге береміз
Құрбан шалушы құрбандығының етінен
өзі жей алады және тұрмысы нашарларға да,
дәулеттілерге де құрбандық етінен таттыра
алады. Құрбандық етін үшке бөлу және оның
үштен бірін садақа еткені абзал болады. Бала-
шағасына бір бөлігін, қалған бөлігін туыстары
мен достарына бергені дұрыс.
Ең абзалықұрбандығыныңбарлығын садақа
етуі.
Өзі мұқтажболып, бала-шағасымен өзі үшін
сақтап қоюы да дұрыс болады. Пайғамбарымыз
(с.ғ.с.):
«Мен сендерді құрбандық етін сақтап
қоюдан тиып едім, енді оныжеңдер де, сақтап
қойыңдар»-
деген.
Садақаны үштен бірден кемітпеген
артық, мүстахаб. Себебі
«Барымен қанағат
етіп отырғандар мен қайыршыларға дәм
таттырыңдар»
- деген аят бар.
Құрбандықты нәзір (садақа) етіп қойған
болса, оны оны өзі жей алмайды. Ондай мал
түгелдей садақаға кетеді. Терісін де садақа
етіп жібереді. Малды сойған адамға еттен
ақы бермейді терінің ақшасын да бермейд-
ді. Өйткені Расулуллаһ (с.ғ.с.) хазіреті Әлиге:
«Құрбандықты шалған адамға ақы берме»-
деген.