ПәтуәЛАР ЖИЫНТЫҒЫ
174
Тойлаушының жүрегінде Пайғамбарымыз
(с.ғ.с.)-ды ұлықтау және де оныАлла Тағаланың
нығмет етіп Расулулла (с.ғ.с.)-ды дүниеге келт-
тіруіне қарағанда, Мұхаммед (с.ғ.с.)-ды бүкіл
әлемге рахым етіп жіберген Аллаһ Тағалаға
шүкір ету керек.
Егер мұсылмандар бұл істі жақсы деп сан-
найтын болса, ол іс Алла Тағаланың алдында
да жақсы болады. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.)-ның
мына сөзіне себепті:
«Мұсылмандар жақсы көрген нәрсе,
Аллаһтың алдында да жақсы болады» (Имам
Ахмад риуаят еткен).
Енді мұсылмандар Пайғамбарымыз (с.ғ.с.)-
ның туылған күнін тойлауды жақсы көрді және
де Пайғамбарымыз (с.ғ.с.)-ның дүниеге келуі
айтылғанда орындарынан тұруды да жақсы
көрді. Яғни, екі имам: Ализзу ибн Абдуссал-
лам султанул улама және ибн Салах екеуі айтт-
ты, ол екеуінің сөзін ғұламалар мақұлдады,
сондықтан Пайғамбарымыз (с.ғ.с.)-ның дүниеге
келгендігі айтылғанда орыннан тұру уәжіп
болды. Себебі мұсылмандар онда бір-бірімен
танысады. Ал орнынан тұрмау ол Расулулла
(с.ғ.с.)-ға құрметсіздік, менсінбеушілік және
Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) –ды ұлықтамау болып
қалады.