Previous Page  173 / 318 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 173 / 318 Next Page
Page Background

173

ПәтуәЛАР ЖИЫНТЫҒЫ

жиналуы, Құраннан білген сүресін оқу,

исламның бастапқы кезеңіндегі жағдайлармен

оқиғалар және Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.)

дүниеге келуі жайында түскен аяттарды айту.

Содан соң оларға дастархан жасалады, одан

жиналған кісілер дәм татады. Кейіннен осы

жақсы жаңалыққа артық еш нәрсе қоспастан

тарқайды. Тойлаушылар ұлық Пайғамбарымыз

(с.ғ.с.)-ның туылған күнінде сүйіншімен өзінің

қуанышын білдіргендігі үшін сауап табады.

Пайдасы: Адамдар Пайғамбарымыз(с.ғ.с.)-

ның дүниеге келуі туралы сөздерді естіген

уақытта Пайғамбарымызды (с.ғ.с.)-ды ұлықтап

орындарыннантұруларыәдет-ғұрыпқаайналған

және де бұл іс Пайғамбарымызды (с.ғ.с.)

ұлықтау үшін болғандықтан жақсы көрілген.

Бұрынғы өткен ғұламалардың көпшілігі

осыған амал еткен.

Имам Нәуауидың ұстазы Әбу Шаммаһ дег-

ген кісі: Әр жылы Пайғамбарымыз (с.ғ.с.)-ның

туылған күніне тура келетін, осы күні істелінет-

тін садақалар, амр-маъруф және зинеттер мен

қуанышын көрсететін істер осы заманымыздың

жаңалықтарының ең жақсысынан-деп айтқан

екен. Себебі бұл істе жоқ-жетімдерге қайыр

садақа беруменен қатар Пайғамбарымыз

(с.ғ.с.)-ның болған сүйіспеншілігін көрсету.