175
ПәтуәЛАР ЖИЫНТЫҒЫ
Шынында, Пайғамбарымыздың өзі (с.ғ.с.)
сахабаларына олардың қастарынан өткенде
тұрмауларын бұйырған.
Бір күні Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) өзінің шайы-
ыры (ақын) Хасан ибн Сабит (р.а.)-ның қасынан
өткенде ол Пайғамбарымыз (с.ғ.с.)-ның құрметі
үшін орнынан тұрып мынадай бір шумақ өлең
айтқан:
Құрметтіме орнымнан тұру маған парыз
Парызды қалдыру ол дұрыс емес.
Мен ақылы бар кісіге таңқалдым.
Осындай сұлулықты көріп, орнынан
тұрмайтын.
Әлбетте мұсылмандар өздерінің ұлық
Пайғамбарларын (с.ғ.с.)-ды жақсы көрулері
оларға сол Пайғамбарларын (с.ғ.с.)-ның
туылған күнін мейрамдауды уәжіп етті. Себебі
бұл жақсы көрулері оларға бұл дүниеде де, ахир-
ретте де, Алла Тағала және Оның Расулының
(с.ғ.с.) алдында пайда береді.
Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) айтқан:
«Сіздердің ешқайсыларыңыз мені өз ата-
анасынан, балаларынан және барлық адамдард-
дан артық көрмейінше иман келтіре алмайсызд-
дар». (яғни иман кәміл болмайды)
Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) айтқан:
Қиямет күнінде мүмін жақсы көрген адам-
мымен бірге қайта тіріледі.