Previous Page  254 / 318 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 254 / 318 Next Page
Page Background

ПәтуәЛАР ЖИЫНТЫҒЫ

254

Жауап:

- Адамның күнделікті тіршілігіне,

алдағы өміріне қажетті нәрселердің есепсіз көп

екені белгілі. Алайда шын мұсылман пенделік

қажеттіліктердің әлем-жәлеміне қызықпай, тек

бір Аллаға ғана құлшылық етеді.

Мұсылман бес уақыт намазын қаза етпестен

өз үйінде ғибадат етуі өз алдына, алайда жарат-

тушы Ұлы Аллаһ адамдардың оқшауланбай бір-

бірімен жиі қарым-қатынаста болуын қалайды.

Жайшылықта әлеуметтік, ұжымдық, еңбек

үстіндегі күнделікті қарым-қатынастардан

өзге адамдардың рухани тазалығы үшін бас

қосатын қасиетті орын бар. Ол – мешіт. Меш-

шітте мұсылман қауымы жұма намазына жинал-

лып, АллаҺ Тағалаға ортақ ғибадат жасайды,

бір-бірлерімен жүздесіп, діни уағыз тыңдайды.

Мешітке келіп жұма намазына жамағатпен

бірге қатысып, уағыз тыңдап қайтқан адам

өзінің отбасына тазарып оралады. Міне, мешіт

– Аллаһтың жердегі үйі деп аталатыны осыдан.

Сол себепті бүгінде Қазақстан бойынша меш-

шіттер санының қарқынды өсіп келе жатқаны

қуанарлық жай.

Ал енді мешіттің салынуына келетін

болсақ, оның амал түрлері әр-түрлі, бірақ

мақсат біреу. Ол – халықты Ислам тәрбиесіне

жұмылдыру, бүгінгідей қиын жағдайда