Previous Page  257 / 318 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 257 / 318 Next Page
Page Background

257

ПәтуәЛАР ЖИЫНТЫҒЫ

іспеттес, сондықтан оны лайлауға жол берілм-

мейді. Діннің бастауы – Аллаһтың жердегі үйі

болып табылатын мешіт болса, имам өзіне сеніп

тапсырылған мешітте шариғаттың бұзылмауын

қадағалайды. Демек, мешіт имамының бас-

сты міндеті - өзінің қарамағындағылардан

шариғаттың бұзылмауын талап ету.

Бұл туралы пайғамбарымыз (с.ғ.с.) өзінің

хадис шәріпінде:

«Дін басында білікті адам

отырғанда дін үшін алаңдау маңызды,

бірақ дін басында қабілетсіз адам отырса –

жылайсыңдар»

,- деген.

Осы сөздердің маңызы жергілікті мешіттерд-

дегі имамдар үшін өте зор болмақ. Өйткені олар

мешітте намазға жиналғандарды басқарады,

оның қасиетті борышы – халықты дін жолына

түсіру, дінге кіргізу. Бұл міндеттер аса күрделі

болатыны белгілі. Мәселен, Исламда зорлау

жоқ, дінге кіргізу уағыз, насихат арқылы іске

асырылады. Осындай уағыздарды ел арасынд-

да жүргізу немесе баспасөз, радио, теледидар

арқылы тарату имамнан зор білікті, терең білімд-

ді халықпен тіл табысу қасиетін талап етеді.

Шариғат тазалығын сақтау барысында

имамнан талап етілетін тағы бір қасиет – оның

әділдігі. Кез келген мәселені шешу барысында

ұлтқа, жікке, руға бөлінушілкке жол берілмеуін