Previous Page  255 / 318 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 255 / 318 Next Page
Page Background

255

ПәтуәЛАР ЖИЫНТЫҒЫ

мұсылман қауымының рухани жаңаруына жол

ашып, мүмкіндік жасау. Осы мақсаттан өзге

мүддеде, мәселен өзінің атақ – даңқын шығару

үшін меншік қаржысын жұмсап мешіт салдыр-

ру, Аллаһ жолына жат. Өз қаражатына мешіт

салдыратын адам өзінің мұсылмандық парызд-

дарын адал атқаратын, өзге жұртшылыққа

жақсы атағымен белгілі болса, ондай адамның

салдырған мешітінің қасиеті де ерекше болад-

ды. Мұндай адам Аллаһтың ризашылығына,

жамағаттың құрметіне бөленеді. Мәселен, біреу

зорлық-зомбылық тәсілдермен, момындарды

жылатып жинаған ақшасына мешіт салдырып,

сол үшін бақилық сапар барысында күнәдан

тазарамын десе, қатты қателеседі. Сол себепті

мешіт салынар кезде осы іске рұқсат беретін

жергілікті әкімшілік және құқық қорғау органд-

дары, діни басқарманың тиісті қызметкерлері ең

алдымен мешіт салдырушы адамның ниетінің

тазалығына, ақшасының шығу төркініне, осы

мешітке жиналатын мұсылмандардың пікір

– ұсыныстарына назар аударып, мәселеге жан-

жақты қарауы керек.

Мешіттің салынуы жөнінде ескерілетін

тағы бір жай – оның ықтимал географиялық

жағдайы, жамағаттың әлеуметтік құрамы бол-

лып табылады. Мәселен, халықтың орналас-