259
ПәтуәЛАР ЖИЫНТЫҒЫ
Ақыл-білімі қазақтың кең даласынан асып,
бүкіладамзаттық деңгейге көтерілген ұлы
Абайдың «Алланың өзі де рас, сөзі де рас»- деген
сөзін ұмытпауымыз керек. Тағы да Хакім Абай
«Иман барда қорлық жоқ»- деген. Осы сөздің
философиялық мәніне үңілсек, Абай атамыздың
Исламға терең бойлағанын байқаймыз. Адам
өмірінде қаншама қиындық көргенімен, Аллаһ
жолынан ауытқымай, шүкіршілік ғибадатынан
танбай адал өмір сүрсе – оған ешнәрсе тіпті
өлімнің өзі де қорқынышты емес. Иманы таза
адамға Аллаһ Тағала екі дүниеде де қамқорлық
жасайды. Олай болса иман бар жер де қорлыққа
да орын қалмайтыны өзінен-өзі түсінікті. Хакім
Абайжоғарыдағысөздіайтқандаадамолдүниеге
аттанғанға дейін өзінің рухани тазалығын
сақтай алса, бұл дүниедегі қорлықтың жоққа
шығатынын меңзейді.
Қоғамдық
өмірімізде
нашақорлық,
маскүнемдік, зинақорлық, қылмысжасаушылық
тәрізді індеттер белең алып отырған бүгінгі
таңда осындай дерттерден тек мұсылмандық
өмір салтымызды сақтау арқылы ғана құтыла
алатынымызды ұмытпайық дегім келеді.
Сұрақ: -
Өз дінімізге бет бұрған шағымызда
ден қойып, имандылыққа мойынсұнған жас-
старымыз көп, бірақ өз жолдарын таба алмай,