ПәтуәЛАР ЖИЫНТЫҒЫ
264
меймін соңғы кездері кейде намаздан жаңылып
қалатын болып жүрмін. Жаңылғанымды
байқасам намаздың аяғында сәһу сәждесін
жасаймын да, қайтадан «Әттахияттан» бастап
оқып, екіжаққасәлемберіп,намаздыаяқтаймын.
Өзінше көп білемін деген бір азамат: Мұныңыз
дұрыс емес, жаңылсаңыз «Әттахиятты» оқудың
қажеті жоқ, екі жаққа сәлем берсеңіз жетеді
және сәһу сәждесінің екі-үш түрі бар,- деді.
Сонда мұның дұрысы қайсы және басқа қандай
түрі бар?
Зердербек Орынбай. Қарағанды.
Жауап:
Намаздыңуәжіптерінұмытыптастап
кетсеңіз немесе артығымен не кемітіп оқысаңыз
«Әттахиятты» оқып болғаннан кейін екі жаққа
сәлем беріп, екі сәжде жасап, қайта әттахиятты
оқып, салауатпен намазды аяқтайсыз. Ал, намазд-
да қанша рәкат екенін жаңылысқан жағдайда,
қанша рәкат күмәніңіздің яғни «толық болды
ма, әлде толық болмады ма?»,- дегеніңіздің
азын аласыз. Сөйтіп намазыңыздың соңы деп
білген рәкатта отырып, «Әттахиятты» оқып
болғаннан кейін кем болды ау деген рәкаттарды
қосып оқып, толықтырасыз. Бұл жағдайларда
да сәһу сәждесін жасау уәжіп. Сәһу сәждесінің
басқа түрі жоқ.
Сұрақ:
Мен ауылда тұрамын, жаңадан