Previous Page  269 / 318 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 269 / 318 Next Page
Page Background

269

ПәтуәЛАР ЖИЫНТЫҒЫ

Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) мұғжизасымен байл-

ланыстырады.

Сұрақ:

Біз қымыз ішіп, қазы жейміз ғой,

жақында бір жігіт: осы дұрыс емес. Егер қымыз

ішсек, сыра да ішуге болады, өйткені екеуінің

қызу градусы шамалас, сенбесеңіз қымыз ішіп,

машина жүргізіп көріңіз, МАИ қызметкерлері

ұстаса жүргізуші куәлігіңді алып қояды,- дейді.

Сонда мен қымыздан бас тартуым керек пе?

Д. Қанарбаев. Шымкент

.

Жауап:

Шариғат бойынша қымыз, қазы хал-

лал ас болып саналады. Біз Аллаһ Тағаланың

халал еткен тағамдарын харам деуге хақымыз

жоқ.

Сұрақ:

Қазіргі кезде «алькаголсіз пиво»

деген сусын бар. Құрамында мас ететін нәрсе

жоқ. Осы сусынды ішуге бола ма?

Әсет. Алматы қаласы

Жауап:

Болмайды.

Себебі дінімізде қай

нәрсе болмасын ниетке қарай бағаланады. Яғни,

халал малды ниетсіз немесе шариғаттан басқа

жолмен бауыздаса харам болғаны сияқты, ішімд-

дік те басқа ниетпен әзірленсе харам үкіміне

ие.

Шапағат-Нұр» журналы оқырмандарының

сауалдарына наиб мүфти Мухаммад-Хусайн қажы

Алсабеков жауап береді