275
ПәтуәЛАР ЖИЫНТЫҒЫ
9. Шарғи
ғұсылының
толық
болуы
(жүніптіктен ғұсыл уәжіп болмау);
10. Сол жерде көз жұму.
ІІ.
Ақиреттегi шәһидтер:
Бұған зұлымдықпен өлтірілсе де жүніп
болған адам әйтпесе хайызды немесе нифасты
әйел, не болмаса алған жарақатынан кейін көп
уақыт өткен соң өлген адам, немесе сәби бала,
есі ауысқан кісі немесе абайсызда өлтiрiлген кiсi
кәміл шаһидке жатпайды, бірақ ақиретте шәһид
деп саналады. Мұндай шәһидтерге қиямет күнi
Аллаһ тағала тарапынан уәде етiлген сауап бер-
ріледі.
Осы ақирет шәһидтерi қатарына суға батып
немесе өртенiп өлген, үстiн дуал немесе сол
сияқты бiр нәрсе басып қалған адам, сапардағы
жолаушы, оба, тырысқақ ауруынан немесе дәрi-
дәрмектен уланып өлген, iшi өтiп қайтыс болған,
эпилепсия (талма), ыстығы көтеріліп өлген,
жылан-шаян шаққан, т.б және де осылардың
қатарына iлiм іздеп жүрiп қайтқан және жұма
қарсаңындағы түнде қайтыс болған кiсiлер жат-
тады.
III.
Дүниедегі шәһидтер:
Бұларсоғыстақаһармандығынкөрсетіп,елге
танылу мақсатында соғысып қаза тапқандар.