ПәтуәЛАР ЖИЫНТЫҒЫ
276
Шариғатта шәһид деп зұлымдықпен
өлтiрiлген адамды айтады. Ол соғыста қаза тапс-
са, немесе оны бұзақы ма яки қарсылас мемлек-
кет адамы, жол торыған қарақшы әйтпесе ұры
өлтiрiп кетсе де, шәһид боп саналады.
Жоғарыдағы аталған, яғни саяси қуғын-
сүргін құрбандары болған бабаларымызды
кәміл шәһидтер қатарына қосуға болады. Себ-
бебі олар, елдің қамы үшін нақақтан-нақақ
өлтірілгендер.
Сұрақ:
Жол апатынан өлгендер үшін, апат
болған жерге көк тас орнатуға бола ма?
Жауап:
Бұл шариғатқа қайшы іс. Себеб-
бі мұндай жағдай сүннетте де, шариғатта да
жоқ. Тіпті - пайғамбарлар тарихында да кездес-
спейді. Екіншіден, жолаушыларға кедергі бол-
латын жағдай жасамау, діни тұрғыдан алғанда
абзалырақ. Ал, көк тас марқұмға арнайы зияр-
рат етіп, дұға ету үшін оның қабіріне қойылса
артықшылығы жоқ.
Сұрақ:
Мешіттерде жамағат парыз намаз
оқып болғаннан кейін, имамға үлгере алмаған
кісілер сол намаз үшін азан, қамат айтулары кер-
рек пе?
Жауап:
Мешіттерде жамағатпен оқылған
парыз намазына үлгере алмаған кісілер сол нам-
маз үшін қамат айтса жеткілікті. Азан айтылм-