Previous Page  279 / 318 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 279 / 318 Next Page
Page Background

279

ПәтуәЛАР ЖИЫНТЫҒЫ

Сұрақ:

Мәйітті қабірге қоярда аяғымен бе,

әлде басымен кіргізіп қою керек пе?

Жауап:

Мәйітті қабірге қоярда шариғаттың

талабы, құбылаға қаратып қою. Ал қабірге

кіргізу мәселесі мәйіт денесінің жағдайына

қаралады.

Сұрақ:

Өзін-өзі өлтірген мұсылман

адамның жаназасы оқылады ма? Әр кітапта

әр-түрлі пәтуа берілген. Бір фиқһ кітабында

ондай кісінің жаназасы оқылады десе, біреуі-

інде оқылмайды деген. Осылардың қайсысын

пәтуаға аламыз?

Жауап:

Өзін-өзі өлтірген адам үлкен

күнәһар болады, бірақ діннен шықпайды.

Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) мұндай жағдаймен

өлген кейбір кісілердің жаназасын оқымаған.

Дегенмен өзін-өзі өлтірген мұсылман адамның

жаназасы оқылады. Себебі Пайғамбарымыз

(с.ғ.с.):

«Әр мұсылманның ол ер, не әйел

болсын, үлкен, не кіші болсын, күнәһар

болса да күнәһар болмаса да жаназаларын

шығарыңдар»

,-деген.

Тек имам не наиб имамнан басқа жаназа нам-

мазын білетін намазхан адам шығару керек.

Сұрақ:

Аяғы ауыр әйелдің некесі қиыла

ма? Қазіргі кезде мұндай жағдай жиі кездес-

сіп тұрғандықтан имамдар арасында әр-түрлі