ПәтуәЛАР ЖИЫНТЫҒЫ
278
«Әссәләму ълайкум әһләддияр минәл муъм-
минина уәл муслимина уә ин инша Аллаһу
ләлахиқун әс әлуллаһа ләнә уә ләкумул
ъафияһ».
Қабірістанның алыс–жақын болуының
айырмашылығы жоқ, бірақ жақсы адамд-
дар жатқан жерге барып зиярат ету сауап.
Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) қабіріне зиярат ету
басқа жерлерді зиярат еткеннен артық.
Пітнә (іріткі) тудырмайтын жағдайда ғана
кәрі кемпірлерге қабірістанды зиярат етуге
рұқсат етіледі. Егер әйелдерден пітнә шығады
деп қауіптенсе, онда оларға қабірістанға баруға
болмайды.
Зиярат етуші зияратты шариғат үкімдерінен
шықпай орындауы тиіс. Қабірді айналып тәуап
ету, тасы мен қабір төмпешігін сүю – харам.
Марқұмдардан еш нәрсе сұралмайды.
ҚМДБ-ның Батыс Қазақстан
облысы бойынша өкіл имамы
С. Сейтбековтің жіберген
сұрақтарына байланысты
ПӘТУА
Сұрақ:
Мәйітті жуындырып, кебіндеп
болған соң үйден басымен шығару керек пе,
әлде аяғымен шығару керек пе?
Жауап:
Мәйітті жуындырып, кебіндеп
болған соң үйден басымен шығару керек.