Previous Page  273 / 318 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 273 / 318 Next Page
Page Background

273

ПәтуәЛАР ЖИЫНТЫҒЫ

Сұрақ:

Менің әкемнің бауыры соғыста қаза

болып, артында ұрпақ қалмаған. Басына барып

құран бағыштап тұрайық десек қабірі қай жерд-

де екені белгісіз. Сол үшін әкемнің зиратының

жанына белгі қойсам бола ма?

Жауап:

Марқұмдарға құран оқып, дұға

бағыштау үшін, қабірі белгілі болған күннің

өзінде зират басына бару шарт емес. Кез келг-

ген уақытта кезкелген жерде отырып та дұға

бағыштауға болады. Сондықтанда белгі қоюдың

қажеті жоқ.

Сұрақ:

Ерлі-зайыпты адамдардың малы

ортақ емес пе? Сонда, әйелінің малына ері иел-

лік ете ала ма?

Жауап:

Ерлі-зайыпты адамдардың дүниесі

ортақ емес. Егер әйелі дүниесін бөлек жинайм-

мын десе шариғат бойынша ақысы бар. Ондай

жағдайда екеуінің де малы нисап мөлшеріне

жетсе, екеуі де бөлек-бөлек зекет берулері кер-

рек. Ал, егер әйелі дүниесін ерінің иелігіне бер-

ремдесе өз еркінде.Мұндайжағдайда дүниелері

нисап мөлшеріне жеткенде біреуі ғана зекет бер-

реді.

Сұрақ:

Молдасы жоқ ауылдық жерде Құран

білетін адам тауып неке қидыруға бола ма?

Жауап:

Егер некенің шарттарын білетін

адам болса неке қидыруға болады.