Previous Page  272 / 318 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 272 / 318 Next Page
Page Background

ПәтуәЛАР ЖИЫНТЫҒЫ

272

білдіреді. Ал шариғаттағы терминдік мағынасы

– Аллаһ Тағаланың ризашылығына жақындау

ниетімен сойылған малдың аты. Құрбан айт

күндері құрбандық шалу жағдайы бар, басы

бостандықтағы, ақыл-есі дұрыс, сапарға

шықпаған мұсылманға уәжіп. Ал, құрбан айт

күндерінен басқа уақыттарда да Аллаһтың

разылығы үшін құрбандық шалуға болады.

Құрбандықтың басқа да түрлері бар. Мысалы

дүниеге сәби келгенде, Аллаһ Тағаланың нәсіп

еткен перзентіне шүкір ретінде шалынатын

малға «ақиқа» құрбаны делінеді. Сондай-ақ,

белгілі шарттардың орындалуына байланысты

мұсылман баласы бір малды құрбандыққа шал-

ламын деп уәде етіп, уәденің уақыты келгенд-

де шалатын малға «нәзір құрбаны» делінеді.

Мысалы ауырып жатқан адам осы ауруымнан

айықсам, бір қойды құрбандыққа шаламын

деп ниет етсе, ауруынан айыққан жағдайда, бір

қойды құрбандыққа шалуы уәжіп (міндет) бол-

лады. Ескерту: «Нәзір» құрбанына шалынған

малдың етінен, шалған адамның өзіне, балалар-

рына, немерелеріне және әке-шешесіне тіпті

ата-әжелеріне жеуге болмайды. Түгелдей садақа

ретінде кедей-кепшіктерге таратылуы тиіс.

«Ақиқа» құрбанының етінен шалған адамның

өзі жей алады. Қаласа садақа етеді.