ПәтуәЛАР ЖИЫНТЫҒЫ
266
әйелімен жыныстық қатынастан кейін, тағы
жақындасқысы келсе, екеуінің арасында дәрет
алсын»
,- деген. Сонықтан қайта-қайта ғұсыл алм-
май-ақ, дәрет алсаңыз жеткілікті. Бірақ бұларды
намаз уақытын өткізіп алмау шартымен жасау
керек.
Сұрақ:
Мен намазға жасым келіп қалған
уақытта жығылдым. Тілім келмей қиналамын.
Бес-алты сүрені зорға жаттадым. Үтір
намазындағы құнт дұғасын әлі күнге дейін жатт-
тай алмай жүрмін. Құнт дұғасының орнына
басқа бір білетін сүрені оқысам бола ма?
Мұрат. Алматы қаласы.
Жауап:
Имам Ағзам Әбу Ханифа мәзһабы
ғұламалары көрсеткен «Құнұт» дұғасын жаттап
оқыған абзал. Дегенмен, дұға болғандықтан,
жаттап алғанға дейін білген дұғаңызды
оқуыңызға болады.
Сұрақ:
Біз әр нәрсені Аллаһ Тағала шебер
ойластырып жасаған дейміз. Адамды да сол-
лай жасаған. Сөйте тұра балаларды сүндетке
отырғызамыз. Неге? Мұнда қандай философия
бар? Бұл Аллаһтың жасағанын өзгертуге талп-
пыну емес пе? Мұны Ибраһим пайғамбардан
қалған сүннет дейді. Ол кісі пайғамбар болс-
са да Аллаһтың жасағанын өзгертуге қандай
құқысы бар? Егер бұл балалар ауруға ұшырамау