Previous Page  286 / 318 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 286 / 318 Next Page
Page Background

ПәтуәЛАР ЖИЫНТЫҒЫ

286

Бірінші сұрақтың жауабы:

Негізінде дұға

құпия (жасырын) болуы керек. Өйткені, ол Алла

Тағала мен пендесінің ортасында болып тұр.

Алла Тағала:

«Тәңірді жалбарына және қорқа

отырып еске алыңдар. Ертелі-кеш оған зікір

айтыңдар. Қаперсіз жүре бермеңдер»

(«әл-

Әғраф» сүресі, 205-аят),-деп бұйырады.

Екінші сұрақтың жауабы:

Намазды араб

тілінде оқи алмайтын адам дұғасын жергілікт-

ті тілде дыбыс шығармай, ішінде оқи алады.

Намазы дұрыс болуы үшін, ол кісіге намазда

оқитын дұғаларды араб тілінде (Құран тілін)

үйрену уәжіп.

Үшінші сұрақтың жауабы:

Дұрыс. Жақсы

деуге де болады.

Сұрақ:

Қайтыс болған кісіні бейітке жерл-

легенде және өмірден өткен марқұмдарды еске

алған кездерде қабырстанға барамыз, оның сауаб-

бы мол дейді. Жалпы қабырстанға зиярат етудің

тәртібі мен әдебі қандай? Онда қандай діни

амалдар орындалады? Оған шариғат бұйрығы

бойынша кімдер барады? Кімдер бара алмайд-

ды? Нелерге тыйым салынған? Осы жөнінде

толық білгіміз келеді?

Бақыт ИЕМБЕРГЕНҰЛЫ,

Алматы қаласы.