291
ПәтуәЛАР ЖИЫНТЫҒЫ
үшін ақиреттi ойлап зиярат ету дұрыс. Барған
адам өткендерден ғибрат алуы, мінәжәт дұға жас-
сауы, мәйіттер үшін Құран Кәрімді қирағат етуі
керек. Мәйітке оның пайдасы бар. Қабiрстанға
жұма яки одан бiр күн бұрын немесе кейiн барс-
са да болады. Зияратқа барған адамның мына
сөздердi айтуы керек:
منين و المسلمين. و إنا إن
ُ
السلام عليكم أهل الديار، من المو
شاء الله للاحقون. أسأل الله لنا
“Әссәләму ъаләйкум әһләддияр минәл
муъминина уәл муслимина уә ин инша
Аллаһу ләлахиқун әс әлуллоһа ланә уә ләкумул
ъафияһ”
.
Қабiрстанның алыс-жақын болуының
айырмашылығы жоқ, бiрақ жақсы адамд-
дар жатқан жерге барып зиярат ету сауап.
Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) қабiр шәріпiне зия-
ярат ету басқа жерлердi зиярат еткеннен артық.
Фитнә (iрiткi) тудырмайтын жағдайда ғана кәрi
кемпiрлерге қабiрстанды зиярат етуге рұқсат
етiледi. Егер әйелдерден фитна шығады деп
қауіптенсе, онда оларға қабiрстанға баруға болм-
майды.
Зиярат етушi зияратты шариғат үкiмдерiнен
шықпай орындауы тиiс. Қабiрдi айналып тәуап
ету, тасы мен қабiр төмпешiгiн сүю – харам.
Өліктерден ешнәрсе сұралмайды.