Previous Page  294 / 318 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 294 / 318 Next Page
Page Background

ПәтуәЛАР ЖИЫНТЫҒЫ

294

түсінік берілген. Ал, дұғаның іштен айтылуы

абзал. Құранда:

«Раббыларыңа жалбарынып,

жасырын түрде тілеңдер»

делінеді.

(«Ағраф»

сүресі/55).

Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.):

«Жасы­

рын тілек – жария жетпіс тілекке тең»

де­

генін де ескерер болсақ, «әмин» дұғасын құпия

айту абзал. Намаздағы «субхана раббиял-ағла»,

«субхана раббиял-азим», «субханака», «әт-

тәхият» секілді басқа барлық дұғалардың іштей

айтылатындығы «әминнің» құпия айтылуына

тағы бір дәлел.

Әмин дұғасы «әғузу билләһи» дұғасынан

артық емес. Өйткені, «Нахл» сүресінде Құран

оқыған кезде міндетті түрде «әғузуді» айту ке­

ректігі:

«Құран оқыған кезде қуылған шай­

таннан Аллаһқа сыйын»

деп бұйырылған.

«Әғузу» дұғасы осы ерекшелігіне қарамастан

намазда құпия айтылады. Сондықтан әминнің

де құпия айтылуы абзал. Себебі, «әмин» Құран­

ның сөзі емес.

Бұған қоса, бізге жеткен ешбір хадисте

пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) «әминді» дауыстап

айтыңдар» деп кесіп айтқан бұйрығы жоқ. Керіс-

сінше, «имам уәләддаллин деген кезде «әмин»

деп айтыңдар делінген. Ал Бухари және Мусл-

лимдегі

«имам әмин деген кезде, сендер де

әмин деңдер»

деген хадисіне келер болсақ, бұл