Previous Page  296 / 318 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 296 / 318 Next Page
Page Background

ПәтуәЛАР ЖИЫНТЫҒЫ

296

Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) «Имам әмин

деген кезде» деген тіркесін «әмин дейін дег-

ген кезде» деп түсінуіміздің тағы мынанд-

дай негізі бар. Барлық ғұламалар Құрандағы:

«Намазға тұрған кезде жүздеріңді және

қолдарыңды шынтақтарыңа дейін жуыңдар.

Әрі бастарыңа мәсіх тартып, аяқтарыңды

жуыңдар»

деген аятындағы

«намазға тұрған

кезде»

делінген тіркесті

«намазға тұрарда»

деп бірауыздан түсінген. Себебі, намазға тұрып

қойғаннан кейін дәреттің алынбайтындығы

айтпаса да түсінікті.

Насруддин Әлбани өзінің «Тәмәмул-минн-

на» аттыкітабында былай дейді:

«Жамағаттың

да имаммен бірге «әминді» дауыстап айтуы керд

рекдейтіндердің:

«Зубайржәнеартындағылар

әминді айтқанда мешіт жаңғырып кетті»

делінген дәлелдерінен басқа дәйектері жоқ.

Бірақ, мұның өзі «әминді» жамағаттың да

дауыстап айтуына дәлел емес. Себебі, бұл

Пайғамбарымызға (с.ғ.с.) жетпей қалған

(марфуғ болмаған) сөз. Пайғамбарымыздың

дауыстап айтқанына байланысты бірқатар

хадистер бар. Бірақ, ешбірінде Аллаһ Елшісінің

артындағы сахабалардың да қосылып әминді

жария айтқандығы айтылмаған. Әминнің дұға

екені белгілі. Негізінде дұға іштей айтылады.