ПәтуәЛАР ЖИЫНТЫҒЫ
302
дек болып, бір-бірімізге ала көзбен қарайтындай
аса бір маңызды іс емес. Маңыздысы әминның
«Фатиха» сүресінен кейін ықыласпен айтылуы
әрі періштелердің «әмин» деуіне
(ықыласпен
әрі бір уақытта айтылуында)
дәл келіп, күнә
лардың кешірілуі емес пе? Еліміздегі мұсыл
мандар ғасырлар бойы Ханафи мәзһабын ұстан
ғандықтан халық арасындағы ауызбіршілікті
сақтау әрі енді-енді намаздарын оқып үйреніп
жүргендердің ойын сан-саққа жүгіртпеу мақса
тымен өзге көзқарастағылардың да әминді іш
тей айтуы абзал. «Әминнің» іштей болсын яки
жария болсын жалпы «Фатихадан» кейін айты
луы– сүннет. Ал ақырғы пайғамбар үмбетінің
арасында бірлік пен ынтымақты сақтап, ислам
рухына сай ғұмыр кешу – парыздардың парызы
екенін ұмытпасақ игі!
Оқырман сауалына
1. Сапар дегеніміз не және сапар намазы тур-
ралы толық мәлімет берсеңіздер.
2. Таң намазын күн шыққаннан кейін оқу
(ұйықтап қалып) қазаға жата ма және қалай
оқылады, толық па әлде парызы ғана ма?
Сәткен Жәкенұлы.
1. Сапар дегеніміз жолаушылық. Адам
тұратын жерінен алыс жерге жолға шыққаннан