ПәтуәЛАР ЖИЫНТЫҒЫ
298
1. Пайғамбарымыздың намазда фатихадан
кейін «әмин» деп айтуын артында яки жанында
Оған (с.ғ.с.) жақын тұрған сахабалар ғана естіп,
сол кісілер «әминді дауыстап айтты» деген хадис-
сті риуаят еткен болуы мүмкін. Ал жанындағы
адамдардың ғана естуін «Құран оқығандай дау-
уыстап айтты» деп түсінбеуіміз керек. Себеб-
бі, кейде іштей күбірлеп айтылғанды жанында
тұрғандар да естуі мүмкін. «Дуррул-мухтар»
атты кітапта былай делінген:
«
Егер бір адам,
якиекі адаместісе, бұлжарияайтқанғажатп-
пайды».
(Мухаддис Зафар Ахмад, Иғлаус-сунан,
2-том, 247-бет).
Яғни, Пайғамбарымыздың
«әмин» деуін кейбір адамдар естіген болс-
са, бұл пайғамбарымыздың дауыстап жария
айтқандығын білдірмейді. Пайғамбарымыздың
барлық адамдар еститіндей дауыстап айтты яки
жоғарыда Шайх Әлбани келтіргендей сахабал-
лар бірге дауыстап «әмин» деп айтты деген бір
де бір сахих хадис жоқ. Ал Әбу Дәуіттегі Әбу
һурайрадан риуаят етілген:
عن أبي هريرة قال ترك الناس التأمين وكان رسول الله صلى
الله عليه وسلم إذا قال ( غير المغضوب عليهم ولا الضالين ) قال
. آمين حتى يسمعها أهل الصف الأول فيرتج بها المسجد
«Халық «әмин» деу айтуды тастап кетт-
ті, Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): «ғайрил-мағдуби