Previous Page  303 / 318 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 303 / 318 Next Page
Page Background

303

ПәтуәЛАР ЖИЫНТЫҒЫ

бастап, жолаушы саналады. Жолаушының пар-

рыз намаздары қысқарады. Ғалымдардың есеб-

бі бойынша, жаяу жүрген адам үш күндік жол

жүрсе, яғни, шамамен 85-90 шақырымнан астам

жерге жолаушылап шықса, сапардағы адам бол-

лып саналады. Қазіргі замандағы көліктер де

бұл үкімді өзгертпейді. Ғалымдардың берген

пәтуасы осы. Дінімізде жеңілдік бар. Аллаһ

Тағала Құран Кәрімде:

«Жер жүзінде сапарда

болған уақыттарыңда, кәпірлердің өздеріңе

бір қастандық істеуінен қорықсаңдар,

намаздарыңдықысқартуларыңдакүнәжоқ»

,-

деген. («Ниса» сүресі, 101- аят) Пайғамбарымыз

(с.ғ.с.) сапарға шыққанда төрт рәкат намазын

– екі рәкат етіп қысқартып оқығандығы жайлы

көптеген хадистер бар. Яғни, төрт рәкат парыз

намаздар екі рәкат етіліп оқылады. Ал, ақшам

намазы мен таң намазы қысқартылмайды.

Ескерту: Жолаушы тұрғылықты жерінен

бөгде жерге барып, сол жерде он бес күн, яки

одан да көп мерзім қалуға ниет етсе, тұрғын сан-

налып, жолаушылық үкімінен шығады. Егер де

он бес күннен аз қалуға ниет етсе, намаздарын

қысқартып оқиды.

Жолаушы адам жамағатпен сол жердегі

тұрғылықты имамға ұйып намаз оқыса, намазд-

ды толық оқиды. Себебі имамға бағыну шарт.