

ПәтуәЛАР ЖИЫНТЫҒЫ
300
да көре алдым. Ол (с.ғ.с.): «ғайрил мағдуби
алайһим уәладдаллин» деп оқығаннан кейі-
ін «Әмин» деп даусын созды. Мен мұны тек
бізге үйрету үшін жасады деп ойлаймын».
(Мухаддис Зафар Ахмад, Иғлаус-сунан, 2-том,
237-бет. Бұл хадисті риуаят еткен кісілердің
бәрі сенімді. Тек Иахия ибн Саламаны бірқатар
ғалымдар әлсіз десе де, Хаким, Ибн Хиббан секд
кілді хадис ғалымдары қуатты деп бағалаған).
Міне, пайғамбарымыз (с.ғ.с.) «әминді» дау-
уыстап оқыды деген хадисті риуаят еткен Уайл
Ибн Хужр пайғамбарымыздың «әминді» жар-
рия айту себебінің «үйрету» мақсатында екен-
нін айтуда. Пайғамбарымыз «әминді» дауыс-
стап айтты деген негізгі хадистерді осы Уайл
Ибн Хужрдың риуаят еткенін ескерсек, Ханафи
ғалымдарының «үйрету мақсатында» айтуы
мүмкін деген сөздерінің қаншалықты негізді
екенін аңғаруға болады.
Егер Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) әминді
әрдайым жария айтқан болғанда Омар, Али,
Ибн Мәсғуд секілді сахабалар іштен айтпас еді.
Әбу Сағид
«Омар да, Али да «бисмиллаһир-
рахманир-рахимді» және «Әминді» жария
айтпайтын еді»
деп риуаят еткен.
(Ибн Жард
рир әт-Табари, Тәһзибул-әсар. Бұл риуаятты
жеткізген рауилердің бәрі сенімді, дұрыс. Тек