Previous Page  295 / 318 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 295 / 318 Next Page
Page Background

295

ПәтуәЛАР ЖИЫНТЫҒЫ

хадис те «әминнің жария айтылуына нақты

дәлел емес. Себебі, бұл хадистегі

«имам әмин

деген кезде»

тіркесін Ханафи және Малики

ғұламалары және басқа да Хафиз Ибн Хажар

секілді хадис ғұламалары:

«Имам әмин дейт-

тін жерге келген кезде яки әмин дейін деген

кезде (яғни, уәладдаллин деген кезде)»

деп

түсінген. «Әмин» сөзін имам мен жамағаттың

бір сәтте бірге айтуы үшін осылай түсінілуі

қажет. Бұлай болмағанда, имам «әмин» деп

қойғаннан кейін ғана жамағат «әмин» дей алад-

ды. Оған дәлел басқа бір хадисте «имам тәкбір

алғанда, сендер де тәкбір алыңдар» делінгендікт-

тен, имам тәкбір алғаннан кейін барып жамағат

тәкбір алады. Имамның тәкбірінен жамағаттың

тәкбірі сәл кеш айтылатыны мәлім. Жоғарыда

келтірген

«Имам уәләддаллин деген кезде,

әмин деңдер»

деген хадис пен

«Имам әмин дег-

ген кезде, әмин деңдер»

деген осы екі хадистің

мағыналарындағы қарама-қайшылықты болд-

дырмау үшін Ибн Хажар әл-Асқалани хадис-

стегі:

«Имам әмин деген кезде сендер де әмин

деңдер»

дегенді

«Имам әмин дейтін жерге

келген кезде яки әмин дейін деген кезде (яғни,

уәладдаллин деген кезде)»

деп жорамалдау кер-

рек деген.

(Мухаддис Зафар Ахмад, Иғлаус-сунд

нан, 2-том, 231-бет).