287
ПәтуәЛАР ЖИЫНТЫҒЫ
Пәтуә
Барлық мақтаулар әлемдердің Раббыс-
сы Аллаһ Тағалаға лайық. Аллаһ Тағаланың
рахымы, періштелердің истиғфары және
мүміндердің ізгі дұғалары пайғамбарымыз
Мұхаммедке (с.ғ.с.), Оның үй-ішіне, сахабалар-
рына және қиямет күніне дейін Оның жолымен
жүргендерге болсын.
Исламда қажылық тек Мекке-Мәдинаға бар-
рып, Кағбаға тәуап ету және т.б. шарттар бар
діни рәсім. Бұл шарттарға сәйкес келмейтін
рәсімнің барлығы да қажылық болып есептелм-
мейді.
Ал қабірістанға зиярат етіп барған адамдар
үшін ахиретті ойлап зиярат еткені дұрыс. Барған
адам өткендерден ғибрат алуы, мәйіттер үшін
Құран Кәрімді қирағат етіп дұға жасауы керек.
Мәйітке оның пайдасы бар. Қабірістанға жұма
яки, одан бір күн бұрын немесе кейін барса да
болады. Зияратқа барған адам мына сөздерді
айтуы керек:
السلام عليكم أهل الديار‘ من المؤمنين و المسلمين. و إنا إن
.شاء الله للااحقون. أسأل الله لنا و لكم العافية
«Әссәләму ълайкум әһләддияр минәл муъм-
минина уәл муслимина уә ин инша Аллаһу
ләлахиқун әс әлуллаһа ләнә уә ләкумул
ъафияһ».