Previous Page  80 / 318 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 80 / 318 Next Page
Page Background

ПәтуәЛАР ЖИЫНТЫҒЫ

80

рұқсат етпейді. Себебі, екеуі екі бөлек мәйіт

болғандықтан оларды жеке-жеке жерлеу уәжіп.

Ол жеке-жеке жерлеуге мүмкіншілік жоқ, үзірлі

жағдайларда ғана болады (массовый). Мысалы,

Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) Ухұд соғысында шейіт

болған сахабаларын бір қабірге жерлеген.

ҚМДБ-ның ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН

ОБЛЫСЫНДАҒЫ ӨКІЛ ИМАМЫ

А. КЕРІМБЕКОВКЕ

Сіздің 09.03.2004 жылғы № 223 хатыңызға орай

ПӘТУӘ

Сұрақ:

Оңтүстік Қазақстан облысы,

Шымкент қаласы, Қатын көпір ауылындағы

жамағатынан хат түсті. Хатта баяндалғандай,

сондағы ақсақал кісілер: «қайтыс болсам осынд-

да жерлейсіңдер», - деп өздеріне жер алып

оны қоршап қоюда. Аталған мәселе шариғатқа

қайшы емес пе?

Жауап:

Шымкент қаласы, Қатын көпір ауыл

әкімшілігі тұрғындарының көтеріп отырған

мәселесі орынды. Қасиетті Құран Кәрімде:

«Ешкім ертең не істейтінін білмейді, әрі ешк-

кім қай жерде өлерін де білмейді»

- делінген.

(«Лұқман» сүресі, 34-аят).

Адам баласы қашан және қай жерде опат

боларын білмейді. Сондықтан да ол өзіне жер