75
ПәтуәЛАР ЖИЫНТЫҒЫ
Тағала Құран Кәрімде:
«Мүшірік әйелдерге
иман келтіргенге дейін үйленбеңдер. Сенд-
дерге ұнаса да азат мүшірік әйелден мүмин
күң артық. Және иман келтіргенге дейін
мүшірік ерге мүмин әйелдерді де тұрмысқа
шығармаңдар...»
,
- деген. («Бақара» сүресі, 221-
аят)
Өзге дін өкіліне мұсылман қыздың
тұрмысқа шығуы күнә. Ондай әйел егер өзге
дінді қабылдамай өз дінінде қалған болса,
яғни мұсылман боп жан тәсілім етсе жаназасы
шығарылады.
Сұрақ:
Мәйітке жаназа намазы оқылмай
жерленген болса не істеу керек?
Жауап:
Мұндай жағдайда егер тым көп
уақыт (Ханафи мәзһабы ғалымдары дене шір-
ріп кететіндей мерзім деп көрсеткен, ал Шафий
мәзһабы ғалымдары уақытқа шектеу қоймайды)
өтпеген болса қабір басында тұрып жаназа нам-
мазын оқу қажет. Жаназа намазын оқушы кісі
қабірдің алдында құбылаға қарап оқиды.
Сұрақ:
Мұсылмандарды кремация (өртеу)
арқылы жерлеуге бола ма?
Жауап:
Кремация
ешбір
ислам
әдебиеттерінде жазылмаған, өйткені ислам
шариғаты бойынша мұндай жерлеу түріне
рұқсат жоқ әрі мүмкін емес.