Previous Page  70 / 318 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 70 / 318 Next Page
Page Background

ПәтуәЛАР ЖИЫНТЫҒЫ

70

XXXXIV. Жыртыс жырту, киім үлестіру

және сол сияқты нәрселер

Жағдайы бар адамдардың хайыр ихсан

(қайырлы іс) ретінде киім, орамал үлестіруі,

сондай-ақ ақша тарату сияқты еліміздегі әдет-

ғұрыптар шариғатымызға қайшы келмейді.

Бұл амалдар нәпіл садақа саналады. Тек оны

атақ, даңқын шығару не мақтаныш, жарыс

мақсатымен жасауға болмайды.

Ескерту

: Біріншіден, бұл амалдарды

дініміздің жүктеген міндетті түрде істелуі тиіс

«парыз» амалы деп түсінбеген жөн. Бұларды

жасамаған жағдайды ешкім күнәһар болмайд-

ды. Екіншіден, ешкім кәдесіне жаратып, пайд-

дасына асыра алмайтын бір жапырақ жырт-

тыс таратқаннан гөрі сол жыртысқа кететін

қаржыны жетім-жесір, жоқ-жітіктерге таратқан

әлдеқайда сауапты. Үшіншіден, қайтыс болған

кісінің киіп жүрген киімін ертеректе «тәбәрік»

ниетімен әрі киімдері босқа тұрмасын дег-

ген түсінікпен елге тарататын. Ал бүгінде бұл

жақсы әдет уақыт өте келе басқа бір жағымсыз

әдетке ойысқан сияқты. Қайтыс болған кісінің

бас киімінен бастап, шұлығына дейін түгендеп,

дүкеннен жаңадан сатылып алынған судай жаңа

киімді таратуды шариғаттың қатаң талабы сек-

кілді қалтқысыз атқарып жүр. Тіпті «ұят болмас-