Previous Page  68 / 318 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 68 / 318 Next Page
Page Background

ПәтуәЛАР ЖИЫНТЫҒЫ

68

тыс болады. Көңіл айтушының мына сөздердi

айтуы мұстахаб:

غفر الله تعالى لميتك و تجاوز عنه و تغمده برحمته و رزقك

الصبر على مصيبته و آجرك على موته

“Ғафараллаһу Таъала ли мәйитика уа таж-

жауаза ъанһу уә тағаммадаһу бирахматиһи

уа разақакә ассабра ъалә мусибатиһи уа

әжаракә ъалә маутиһ”

. Ол сөздi тағы:

“Ғафараллаһу Таъала ли мәйитика”

- деп

қысқартып айтса да болады.

Имам Шафиғи мен Имам Ханбал

мәзһабтарында мәйіт жақындарына тағзия білд-

дірушілерді өз үйінде болса немесе басқа үйде

болса да арнайы күтіп алу дұрыс емес. Ал Әбу

Ханифа мазһабында өз үйінде тағзия етіп келуш-

шілерді күтіп алуға болады.

ХХХХІI. Қабiрстанды зиярат ету

Ақыреттi ойлап қабiрстанды зиярат етуге

болады. Барған адамдар дұға жасауы, мәйіттер

үшін Құран Кәрімді оқып бағыштаған жөн.

Мәйітке оның пайдасы бар. Қабiрстанға жұма

яки одан бiр күн бұрын немесе кейiн барса да бол-

лады. Зияратқа барған адамның мына сөздердi

айтуы керек:

منين و المسلمين. و إنا، إن

ُ

السلام عليكم أهل الديار، من المو

شاء الله، للاحقون. أسأل الله لنا و لكم العافية