71
ПәтуәЛАР ЖИЫНТЫҒЫ
сын» деген түсінікпен қарызданып, қымбатын
алуға ұмтылып аяғы өзгелермен бәсекелестік
пен бақталастыққа да ұласып жатады. Алайд-
да шариғаттың міндетті түрде жаңа киім
таратыңдар деген талабы да жоқ екенін және
Исламнің адамзатқа түсірілген жеңіл дін екенін
ұмытпауымыз керек.
Қосымша сұрақтар:
Сұрақ:
Кейбіреулер мәйітке Құран оқығаны
үшін такса қойып алған.
Жауап:
Шариғат бойынша Құран оқығаны
үшін ақша талап етуге болмайды.
Сұрақ:
а) Біреулер марқұмның киімін
үлестіргенде жаңа киім талап етеді.
ә) Мәйіттің мал-мүлкін бөліске салатын
көрінеді.
Жауап:
Марқұмның киімі, қаржысы яғни
барлық мал-мүлкі оның дүниесі саналады. Оны
текқанамарқұмдыкебіндеуге,жерлеуге, қарызы
болса өтеуге, немесе кімге өсиет етіп қалдырса,
сол адам ғана жұмсай алады. Өсиеттің өзінде
де мал-мүлкі жеткілікті болған жағдайда ғана
дүниесінің үштен бірі беріледі. Ал қалған мүлкі
мирас иелеріне тиесілі боп қалады. Марқұмның
киім-кешектерінен мұқтаждарға садақа ретінде
берсе болады. Садақа ретінде үлестірілсе алуш-