Previous Page  73 / 318 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 73 / 318 Next Page
Page Background

73

ПәтуәЛАР ЖИЫНТЫҒЫ

Жауап:

Болады.

Пайғамбарымыз

(с.ғ.с.) дүниеден озғанда хазреті Әбу Бәкір

пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) маңдайынан сүйгені

жөнінде сахих риуаяттар бар.

Сұрақ:

Мәйітке жаназа қай уақытта

оқылады?

Жауап:

Жаназа намазы мәкрүһ уақыттан

басқа уақыттардың барлығында күндіз болсын,

түн болсын оқыла береді. Мәкрүһ уақыт деп,

күн шығып келе жатқан, күн тас төбеде тұрған

және батып бара жатқан уақытты айтады.

Сұрақ:

Мәйітті жуындырып, кебіндеп

болған соң үйден басымен шығару керек пе,

әлде аяғымен шығару керек пе?

Жауап:

Мәйітті жуындырып, кебіндеп

болған соң үйден басымен яки аяғымен шығару

керек деген шариғаттың қатаң талабы жоқ.

Үйдің және мәйіттің ыңғайына қарай басымен

яки аяғымен шығара беруге болады.

Сұрақ:

Мәйітті қабірге қоярда аяғымен бе,

әлде басымен кіргізіп қою керек пе?

Жауап:

Мәйітті қабірге қоярда шариғаттың

талабы, жүзін құбылаға қаратып қою. Ал қабірге

басымен яки аяғымен кіргізу мәселесі, қабірдің

ыңғайына қарай қаралады.

Сұрақ:

Өзін-өзі өлтірген мұсылман

адамның жаназасы оқылады ма? Әр кітапта

әр-түрлі пәтуа берілген. Бір фиқһ кітабында