ПәтуәЛАР ЖИЫНТЫҒЫ
66
мұстахаб. Жерлемес бұрын бұзылып кетпесіне
сенсе, басқа жерге апарып жерлеуге болады.
Жерленген мәйiттi қайта қазып, екінші бір жерг-
ге көшіру – харам. Бірақ жерленген жер бiреудің
меншігі болып және ол әкетуді талап етсе немес-
се бұзылатын, яки құрылыс, не жол салынатын
болса мәйітті басқа жерге көшiруге болады.
ХХХІX. Қабiрдi қайта ашу
Мәйiттiң сүйегi қабiрде әбден шiрiп жоқ
болды-ау дегенге дейiн қабiрдi ашу харам.
Бірақ та мәйiт бiреуден тартып алынған кебінге
кебінделген болса немесе тартып алынған жерд-
де жерленген болса, немесе жер иесi мәйіттің
онда жатуына разы болмаса, немеcе мәйiттi
әдейі түрлi дүние-мүлiкпен бiрге жерленсе,
дүние-мүлiк марқұмдiкi болсын-болмасын,
аз-көптiгiне қарамай тiптi бiр дирхем болс-
са да, шығарып алу керек. Бұл ретте мәйiттiң
бұзылған-бұзылмағандығына
қарамайды.
Мәйіттің жақындары жерді немесе кебіннің
ақшасын беріп иесінен сатып алса, яки басқа
жолмен ризашылығын алған жағдайда қабір
қайта ашылмайды.