61
ПәтуәЛАР ЖИЫНТЫҒЫ
мүмкін. Сондықтан мәйiттi шығарып салушыл-
лар мәйiттiң артында жүргені абзал. Ал мәйіт
алдынан ұзап кеткен болса жүруге болады.
(Оң жақ немесе сол жағында жүруден, артынд-
да жүру абзал, тым қалып қоймай жақынырақ
болу мұстахаб). Мәйітті шығарып салуда орташ-
ша жылдамдықпен жүру мұстахаб.
Мәйiттi қабiрстанға дауыс шығармай апар-
ру сүннәт. Құран Кәрім оқып, зікір айтып,
қасида оқып немесе өнегелі сөздер айтып дауыс
шығару да мәкрүһ. Алланы зікір еткісі келген
адам іштей зікір айтсын, сондай-ақ жаназаға
шам немесе түтін түтеткіш апарылмайды. Себ-
бебі Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) өзінің хадис шаріп-
пінде:
لما روي عن النبى صلى الله تعالى عليه و سلم « و لا تتبعوا
»الجنازة بصوت و لا نار
“Мәйiттi шығарып салғанда дауыс
шығарып та, (шырақ алып та) жүрмеңдер”,
–
деген.
Шариғатқа терiс iс байқалса, (музыка ойн-
нау немесе әйелдердің айқайлап жылауы және
т.б.) оған тыйым салу керек. Қазалы үйге көңiл
айта келгендердiң мәйiттi қабiрстанға дейiн
шығарып салуы және жерлеу рәсiмi бiткенге
дейiн күткені абзал. Көңiл айтуға келе тұра жан-
наза намазына қатыспау - мәкрүһ.