57
ПәтуәЛАР ЖИЫНТЫҒЫ
ды. Бірақ жаназасы шығарылады. Сол сияқты
өзге дінге, сектаға кірген кісінің жаназа намазы
оқылмайды және олар мұсылмандар зиратына
қойылмайды.
ХХIХ. Хатым Құран оқу және сауабын
бағыштау
Мәйітке арнап Құран оқуға, “Хатым
Құран” (Құранды басынан аяғына дейiн оқып
шығу) түсіріп және оның сауабын марқұмға
бағыштауға болады. Сауабы иесіне тек Алла
Тағаланың әмірімен ғана тиеді.
Абд ар-Рахман әл-Жазиридің «Фиқһу-л-Жаз-
зири»
атты кітабында:
«Мәйітке арнап Құран
оқудың мәйітке пайдасы бар»,
– делінген.
ХХХ. Тәһлил
Зікір айту, Құран тіләуат ету, жақсы тілект-
термен дұға жасау, садақа беру сияқты қайырлы
істердің сауабын мәйітке бағыштауға болад-
ды. Зікір айтқысы келген кісіге зікірлердің ең
жақсысы Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) айтқандай:
«Лә илаһа иллаллаһ»
кәлимасы. Кейін сауаб-
бын мәйітке бағыштаса сауапты іс істеген бол-
лады. Бірақ елді жинап алып кәлима айтқызуға
мәжбүрлеуге болмайды. Әлбетте қаралы жерде
керексiз дүнияуи әңгiме айтқаннан гөрi, кәлимә
айту абзалырақ.