ПәтуәЛАР ЖИЫНТЫҒЫ
52
Әбу Ханифа (р.а.) мәзһабында жаназа нам-
мазын өткiзуге ең құзырлы кiсi патша, не оның
орынбасары, яғни қала әмірі. Ол болмаса қази,
қази болмаса жергiлiктi мешiт имамы. Ол болм-
маса мәйіт уәлиіне қарағанда некедегі тақуа,
уәлиліктің тәртібі бойынша марқұмның жақын
уәлиі жаназа намазды өткiзедi. Уәли деп мысал-
лы әкесі қайтыс болса баласын айтады. Балас-
сы жоқ болса баласының баласы уәли болады.
Осылай жалғаса береді. Баласы қайтыс болс-
са әкесі, әкесі жоқ болса атасы уәли болады.
Бұлардан ешкім болмаса бір туған бауыры, ол
болмаса әкесінің туған бауыры, егер ол да болм-
маса туған бауырының баласы уәли болады. Ең
жақын туысы да уәли бола алады. Ал бұлардан
да ешкім табылмаса, әйел кісілерге күйеуі, ол
да жоқ болса онда көршілері уәли болады.
Егер қайтыс болған кiсi бiр адамға менi
жусын және жаназамды оқысын деп өсиет
қалдырса, егер ол кiсi жоғарыдағы айтылған
шарттарға сәйкес болса, онда өсиетi орындал-
лады. Егер шарттарға сәйкес келмесе, өсиетi
орындалмайды.
Намазды өткiзуге құзырлы адам (мыс-
салы сұлтан) бола тұра, басқа кiсi жаназа
шығармақшы болса, онда ол құзырлы кiсiнiң
рұқсатынсыз жаназаны өткiзе алмайды.