Previous Page  54 / 318 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 54 / 318 Next Page
Page Background

ПәтуәЛАР ЖИЫНТЫҒЫ

54

те мешiт iшiнде болды ма, немесе мәйiт далада,

қауым мешiт iшiнде болды ма барлық жағдайда

мәкрүһ.

ХХVІІ. Шәһид үкiмi

Шариғатта шәһид деп өлтiрiлген адамды айт-

тады. Ол соғыста қаза тапса, немесе оны бұзақы

яки қарсылас мемлекет адамы, жол торыған

қарақшы әйтпесе ұры өлтiрiп кетсе де, шәһид

боп саналады.

Шәһид екіге бөлiнедi:

І. Кәмiл шәһид

(толық шаһид) – бұл

дүниеде де, ахиретте де шәһид болып саналат-

тын кiсi. Кәмiл шәһид болуы үшiн бес шарт

бар:

1. Саналы, ақыл-есі бүтін болу;

2. Кәмелетке толған болу;

3. Мұсылман болу;

4. Шарғи ғұсылы толық болу (жүніптіктен

ғұсыл уәжіп болмау);

5. Сол жерде көз жұму;

Ол өзiне тиген соққыдан емделмей, тамақ

жемей, су ішпей, ұйықтамай және құлаған

жерiнен басқа жерге апарылмай (мысалы,

шатырға, үйдiң немесе бөлменiң iшiне тасылм-

май және бiр намаз уақыты өтпей) мерт болса

ғана шәһид болып есептеледi. Бірақ оның өлімі