Previous Page  56 / 318 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 56 / 318 Next Page
Page Background

ПәтуәЛАР ЖИЫНТЫҒЫ

56

шәһидтерi қатарына суға батып немесе өртенiп

өлген, үстiн дуал немесе сол сияқты бiр нәрсе

басып қалған адам, сапардағы жолаушы, оба,

тырысқақ ауруынан немесе дәрi-дәрмектен улан-

нып өлген, iшi өтiп қайтыс болған, эпилепсия

(талма), ыстығы көтеріліп өлген, жылан-шаян

шаққан, т.б және де осылардың қатарына iлiм

іздеп жүрiп қайтқан және жұма қарсаңындағы

түнде қайтыс болған кiсiлер жатады. Олар

ақырет шаһидтері болса да жуылып, кебінделіп

жаназа намазы оқылады.

ХХVIІІ. Жаназа оқылмайтын адамдар

Үлкен-кiшi, ер немесе әйел, азат немесе құл

болса да әрбiр мұсылманға жаназа намазын оқу

парыз. «ат-Табиин» кітабында жаназа намазы

оқылмайтын адамдар қатарына төмендегілер

жатқызылады:

1. Бүлікші, мұсылмандарға қарсы қару

қолданып, соғыс ашқан кісілер;

2. Қарақшылық шабуыл кезiнде өлген тонау-

ушылар және сол сияқтылар;

3. Ата-анасын өлтiргендер, оларға қорлық

болу үшін жаназа оқылмайды. Абайсызда өзiн-

өзi бiлмей өлтiрген адамды жуып, жаназа нам-

мазын оқу керек (мысалы, жауды өлтiремiн деп

абайсыздан өзiн өлтiрiп алған). Ал ақыл-есi бола

тұра өзiн-өзi өлтiрген адам үлкен күнәға батад-