53
ПәтуәЛАР ЖИЫНТЫҒЫ
ХХIV. Имамның жаназада 4 тәкбiрден аз
немесе көп айтып қою үкiмi
Әбу-Ханифа мәзһабы ғұламалары егер имам
жаңылып, тәкбiрдi 4 реттен көп айтып қойса,
(оған ұюшылар) оған iлеспей, сәлем бергенше
күтедi. Кейiн бiрге сәлем бередi, сонда жаназ-
за намазы дұрыс болады. Егер бiле тұра тәкбiр
төрт реттен аз айтылса, намаз бұзылады. Ал
жаңылып кем айтып қойса намаздың бір рәкәтін
кемітіп қойған үкімде болады. Бірақ та жаназа
намазында сәһу сәжде жасалмайды. Сондықтан
жамағаттан бiр кiсi тәкбiрдiң кем болғандығын
имамға ескертуi керек, сонда имам тәкбiрдiң
кем болғанын толықтырып, қайта сәлем бередi.
Жаназаны қайта оқу шарт емес.
ХХV. Жаназаны қайта оқу үкiмi
Бiр рет оқылып қойған жаназаны қайта оқу
мәкрүһ. Өйткенi жамағатпен жаназа бiр-ақ рет
оқылады. Егер жаназа жамағатсыз оқылған
және мәйіт әлі жерленбеген болса Имам Ағзам
(р.а.) мәзһабында жамағатпен қайта оқылады.
ХХVІ. Мешiт iшiнде жаназа намазын
оқу үкiмi
Имам Ағзам (р.а.) мәзһабы бойынша жаназа
намазын мешiтте оқу-мәкрүһ. Қауым да, мәйiт