Previous Page  59 / 318 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 59 / 318 Next Page
Page Background

59

ПәтуәЛАР ЖИЫНТЫҒЫ

дұрыс емес. Мәйітті бірнеше күн жатқызып

қойып қонақ күтудің қамына кірісу күнә. Ең

әуелі мәйітті жуындыру, кебіндеу, жаназас-

сын оқу және жерлеу істері мұсылманның

мойнындағы кезек күттірмейтін негізгі мінд-

деті екенін ұмытпағанымыз жөн. Туған-туыс,

жора-жолдас, көрші-қолаңдары өздеріне тамақ

дайындап беруі сүннет. Ал алыстан келген кісіл-

лерге тамақ дайындалса бұл астан ішуге әбден

болады.

ХХХІІ. Жетiсiн, қырқын немесе жылын

өткiзу

Мәйiттiң жетiсiн, қырқын немесе жылын

берудің шариғатқа қатысы жоқ. Ол халықтың

әдет-ғұрпына жатады. Мұндай белгілі күндері

арнайы белгілеп құдайы ас тарату шариғаттың

қатаң талабы емес. Қайтыс болған кісінің

жақындары шама-шарықтарына қарай жетіс-

сі, қырқысы демей-ақ кез келген күні сауабын

бағыштап қайыр-садақаларын жоқ-жітіктерге,

мұқтажжандарға берулері абзалырақ. Ал таныс,

туған-туыстарын жинап ас берулеріне де қарсы

емес. Шариғатта міндетті түрде қарызданып

немесе өзіңе қажетті қаржыңды жұмсап өлінің

атынан үлкен мал сойып садақа бересің деген

жері жоқ. Қысқасы, істесең сауап, істемесең

күнә емес амалға жатады.