ПәтуәЛАР ЖИЫНТЫҒЫ
60
ХХХIII. Мәйiттi шығару мен жерлеуге
апару
Мәйiттi жуу, кебіндеу және жаназасын
шығару сияқты, марқұмды жерлеуге иыққа
көтеріп апару - парыз кифая.
Нәрестенi немесе одан үлкен баланы ер кiсi
қолына алып, қабiрстанға көтеріп апарады. Бал-
ланы түсiрiп алмау үшiн басқалардың демеп
жүруіне болады. Баланы ат үстiнде отырып та
апаруға болады.
Үлкен кісіні ат үстінде т.б. көтеріп апару
мәкрүһ. Бірақ үзірлі (себепті) жағдайда рұқсат
етіледі. Мәйiттi жерлеуге апара жатқанда
мәйіт табытта селкілдемейтіндей орташа
жылдамдықпен жүру мұстахаб.
Әйел табытының үстінен мата не сол секілд-
ді т.б. нәрсемен жауып қою сүннәт. Мәйіт үстін
жерлеп біткенше мата яки т.б. нәрсемен жауып
тұру ләзім.
ХХХIV. Мәйiттi шығарудағы жанама
нәрселер
Мәйiттi жерлеуге көлiкпен апаруға болад-
ды, алайда жақын болса жаяу апарған абзал.
Мәйiттiң көлiкпен алдына түсіп жүрмеген жөн.
Өйткенi шаң көтерiп немесе батпақтатып мәйiт
әкеле жатқан арттағы адамдарға кедергі жасауы